21 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

«Дикий Арман» тергеу изоляторынан жоғалып кеткен

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда алаңға шыққан «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті құқық қорғау органдары қамауға алған еді. Ал, бүгін әлеуметтік желі мен БАҚ-та оның тергеу изоляторында жоқ екені туралы ақпарат тарады.

Дәлірек айтсақ, бүгін Жұмагелдиевтің адвокаты Талғат Есімов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің уақытша ұстау изоляторының жанында тұрған видеосын жүктеді.

«Бізге бейресми дереккөздер бойынша белгілі болғандай, қорғауымыздағы Арман Жұмагелдиевті осы жерге әкелген. Бірақ, қазір ол ешқайда жоқ. Департаменттің кезекшісі изолятордың телефонын бере алмады», – дейді Талғат Есімов.

Осы сөздерден кейін ол ары қарай департамент ғимаратына кіргісі келгенмен, есікі жабық екенін көрсетеді. Адвокаттың айтуынша, құзырлы органдар Жұмагелдиевтің қайда екеніне қатысты әзірге жауар бермеген.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар