Posted inБасты тақырып

Депутаттар Бақытжан Базарбек, Абзал Құспан, Ермұрат Бапи, Ринат Зайытов, Нартай Аралбайұлы заң шығарсын, айғайламасын – саясаттанушы

Саясаттанушы Дос Көшім Парламеттегі есімі елге белгілі депутаттардың жұмысы жайлы өз ойын айтты. Ол Мәжіліске барған депутаттардың ең бірінші міндеті – заң шығару екенін, жақсы сөйлеу міндеттеріне жатпайтынын ескертті

«Бақытжан Базарбек, Абзал Құспан, Ермұрат Бапи, Ринат Зайытов, Нартай Аралбай сияқты жігіттер Парламентке келді. Бұлардың бәрінің жақсы сұрақ қойғандары, жақсы сөйлегендері, биліктің келген адамдарының екі аяғын бір етікке тыққандарын ғана көреміз. Дұрыс! Ол да дұрыс. Бірақ бұлардың міндеті ол емес қой!? Бұлардың міндеті заң шығару. Біреуі бір жаңа заң дайындаған жоқ»,

дейді Дос Көшім «Білген дұрыс» арнасына берген сұхбатында.

Дос Көшім 30 жыл бойы айтып келе жатқан заңдар барын айтады. Мемлекеттік тіл туралы заңды неліктен біреуі дайындап ұсынбайтынын жеткізеді. Қазақстанның ақпараттық жүйесін Ресейдің ақпараттық жүйесінен қорғау туралы заңға қажеттілік барын тілге тиек етті. Бүкіл солтүстік пен шығыс облыстарындағы елдімекендердің 90 пайызы бұрынғы совет кезіндегі атауларда қалғанына тоқталды.

«Сол кеңестік атауларды неге өзгертпейміз?! Ленин, Сталин аттарында бәрі тұр. Заң керек пе?! Керек! Неге сөйлей береді? Неге айта береді? Мен таңғалам»,

– дейді ол.

Сонымен бірге, саясаттанушы жалындап өзі де сөйлей алатынын атап өтті.

«Мысалы, Ринат Зайытовтың отырып алып, домбырамен айтқандары халыққа дәл солай тарайды. Ол анау жаққа заң шығаруға барды ғой. Ең төменгі жалақы туралы Ринат өте тамаша айтты. Айқайласты. Айқайласпау керек. Мен айқайласуым керек. Басқалар айқайласуы керек. Ринат отыруы керек те, заң шығаруы керек. Қазақстандағы ең төменгі жалақы осындай болуы керек деп. Әйтпесе, өзіңіз білесіз, АҚШ-та және Еуропа елдерінде бір сағаттағы минималды айлық деген бар. Мысалы, АҚШ-та қазір ол 4 доллар ма!? Германияда одан төмен бе білмеймін – міндетті түрде одан төмен болмайды. Ыдыс жуған адамдарға дейін. Сол заңды депуаттар дайындасын», – дейді.

Пікір үстеу