22 C
Almaty
Жексенбі, Маусым 4, 2023

Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Орал қаласында VI Uralsk Green Forum халықаралық...

Астанада Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов «Astana polytechnic»...

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Депутат Қайрат Құдайберген қамауға алынды

Кәсіпкер, Алматы қаласының маслихат депутаты Қайрат Құдайберген қамауға алынды.

Бұл туралы «Kozachkov offside» Telegram-арнасы хабарлайды.

«Түнде Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты (Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1 және 2-бөлігі) айыпталуда» делінгенн хабарламада.

Бұл туралы әзірге ресми мәлімдеме жоқ.

Еске салайық, Қаңтар оқиғасы кезінде Құдайбергенді Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде кездейсоқ 24 жолаушыны ұрлап кетті деп айыпталған «Диккий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің қасында жиі көретін, олардың бірі кейін қайтыс болған. Қазір «Дикий Арман» тергеу мерзіміне қамауға алынды.

Кейін Қайрат Құдайберген «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен жаппай тәртіпсіздік кезінде бірге болғанын, сол күні қандай жағдай болғанын айтып берген еді.

6 қаңтар күні күндіз Арманмен бірінші рет Тәуелсіздік алаңында кездестік және бірге тұрып адамдарды сабырлыққа, арандатуға берілмеуге шақырдық. Арман адамдарды тек бейбітшілік митингке, Үкіметпен сөйлесуге шақырды. Бірақ провокаторлар пайда болып, оны алаңның басқа жағына алып кетті, мен тұрған орнымда қалдым. Қасыма елдің ішінде жүрген бірнеше жігіт келіп, «Аға, мына жердегі провокаторлар сізді өлтіріп кетуі мүмкін, сізді көлігіңізге дейін шығарып салайық» деді. Оларға мың да бір рахмет! – деп жазды депутат.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар