14 C
Almaty
Бейсенбі, Маусым 1, 2023

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Назарбаевқа тіл тигізсеңіз, жазаланбайсыз!

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан...

Зайытов Склярға шүйлігіп отыр

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов премьер-министрдің бірінші орынбасары...

«Денесін кеспей әкеп берсін!». Сарбаздың анасы Тоқаевқа жүгінді

 

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде әскери борышын өтеп жүріп, өзіне қол жұмсады делінген қатардағы сарбаздың анасы президентке үндеу жолдады.

Марқұмның анасының үндеуі Facebook әлеуметтік желісі арқылы жарияланды.

Анасының айтуынша, баласы өзіне қол салуы мүмкін емес. Оны біреу өлімге итермелеген. Марқұм сарбаздың анасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан өзін қабылдауын сұрап, істің жан-жақты тексерілуін талап етті.

«Әскерге дені сау болып кеткен бала неге өліп келеді? 2 күн емес қазір денесін кеспей әкеп берсін. Екінші рет балаларыңды әскерге жібермеңдер! Ресейден бе, басқа жақтан шақыртсын. Қазақстанды қырып бітетін болды. Ақшадан қиналдым, ақша үшін өлдім депті. Міне, хаттары тұр жіберілген. Әскерде қандай ақша ол?! Қамтамасыз ете алмасаңдар неге әкетесіңдер?! Өзінің ауруы бар екен дейді. Ауру болса, неге аласыңдар?! Жауапсыз қалдырмаймын! Президент мырза, балам өлді деген хабар алып тұрмыз. Ақшадан қиналып өлдім деп жазыпты. Президенттің қабылдауын сұраймын» деді марқұмның анасы.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар