2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

БҰҰ жоғарғы комиссары үндеу жолдады

Қытайға алты күндік сапарын аяқтаған БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет Пекинді «адам құқығына кері әсер етуі мүмкін» саясатын өзгертуге үндеген. Осыған дейін Бачелеттің сапарын белсенділер мен құқық қорғаушылар сынға алған. АҚШ-тың ресми тұлғалары мен халықаралық құқық қорғаушылар Мишель Бачелеттің Қытайдың ресми тұлғаларымен қатар тұрып, бірге суретке түсуі 1 миллионнан астам мұсылманды еркінен тыс қамаған Пекинге осы саясатын үгіт-насихатпен жуып-шаюына жағдай жасайды деп алаңдаған.

«Терроризм және дерадикализация шараларын кеңінен қолдану мәселесін көтердім. Әсіресе, олардың ұйғырлар мен өзге де мұсылман топтардың құқығына әсерін айттым» деді Бачелет 28 мамырда өткізген онлайн брифинг кезінде.

Ол сапары Шыңжаң өлкесін қамтығанмен сапарының басты мақсаты Шыңжаңдағы өрескел адам құқығын бұзу жайттарын зерттеу емес екенін атап өтті.

Amnesty International тобының бас хатшысы Агнес Калламардың пікірінше, БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының 17 жыл ішінде Қытайға алғашқы сапары «қытай үкіметінің жоғары лауазымды тұлғаларымен суретке түсу мүмкіндігін пайдалану және комиссар мәлімдемелерін Қытай мемлекеттік ақпарат құралдарының бұрмалауына барынша жағдай жасау» сияқты жайттармен ғана есте қалуы мүмкін. «Ол құдды Қытай үкіметінің пропагандалық жаттығуының ортасына түскендей әсер қалдырады» деді Калламар.

АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Нед Прайс [Бачелеттің] «жаңағыдай жағдайда баруға келісуі қателік болды» деді.

Қытай Шыңжаңда бір миллионнан астам ұйғыр, қазақ, қырғыз және басқа да мұсылмандарды қамауда ұстап отыр. Бұл аймақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанмен шектеседі. Халықаралық қауымдастық Пекинді сол жерде адам құқықтарын өрескел бұзып, осы ұлттардың мәдени ерекшелігін жоюға тырысып жатыр деп жиі айыптайды. Пекин оны жоққа шығарған.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар