6 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 20, 2023

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты. Ұзату тойы...

Бұл жиындар басқа жиындардан өзгерек

Риззат Елубаев,

халықаралық саяси сарапшы:

Елорда төрінде сыртқы саяси белсенділік тым жоғары болғанын көрдік. Осыған қатысты қоғамда да әртүрлі ойлар бар. «Мұндай жиындардың пайдасы қандай? Барлығы келіп өз ойын айтты, бірақ одан не пайда бар?» деген бірқатар пайымдар айтылып жатыр. Бұл жиындар өзге жиындардан өзгерек. Себебі алдыңғы кезеңдерде сыртқы саяси ахуал, тағы да басқа жағдайлар ішкі сұраныстар мен ішкі көзқарастарға сәйкес келмейтін еді. Ал қазір Қазақстанның сыртындағы геосаяси жағдайлар бұл жиындардың маңыздылығын арттырды. Қай мемлекет делдалдық қызмет атқарады, оған сенім бар ма, саяси беделі қандай деген мәселелер де сараланды. Астанада өткен саммиттер аясында аңғарсаңыз, екіжақты кездесулер, ой бөлісу өте көп болды. Мысалы, Түркия мен Ресей президенттері келіссөздер жүргізді. Қырғызстан мен Тәжікстан басшылары келді. Осы жиындар арқылы екіжақты көзқарастармен шектелмеген мемлекеттерге бірін-бірі тыңдауға мүмкіндік пайда болды. Яғни, бүгінгі таңда саммит аясындағы іс-шаралардан кейін міндетті түрде нақты шешімдер қабылданатыны анық.

Қазір кез келген халықаралық іс-шараның қай уақытта, қай жерде өтетіні өте маңызды. Бүгінгі таңда түрлі мемлекеттердің басшыларының Қазақстанға келуінің өзі елдің сыртқы саясаты, халықаралық жанжалға қатысты теңтарапты арақашықты ұстанымын көрсетіп отыр. Соның арқасында басқа мемлекеттер үшін дәл осы аймаққа еркін келіп, еркін ой алмасуға мүмкіндік пайда болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осындай ашық пікір алмасу алаңдарын қалыптастыруға ат салысты. Бұдан бұрын Рим Папасының да келгенін білеміз. Онда да еліміздің саяси ықпалын арттыратын қадамдар болды.

 

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар