-4.1 C
Almaty
Сейсенбі, Ақпан 7, 2023

Түркия. Жер сілкініп, 500-дей адам қайтыс болды

ТҮРКИЯДА АЛАПАТ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛЫП, 300-ДЕЙ АДАМ...

Израильде 60 мыңға жуық адам билік реформасына қарсы бас көтерді

  Кеше Израильде президент Биньямин Нетаньяхудың реформаларына наразы...

Буча қырғынынан кейін Еуропа одағы Ресейге жаңа санкция салуға дайындалып жатыр

Буча қаласындағы бейбіт адамдар қырғыны туралы хабарлардан кейін Еуропа одағы Ресейге санкцияны үстей түсуге дайындалып жатыр. Еуропа кеңесі Буча қырғынына жауапкершілікті Ресейге жүктесе, Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропа одағын Ресей газы мен көмірін сатып алуды толық тоқтатуға шақырды.

Еуропа одағының жоғары саяси органы Еуропа кеңесінің мәлімдемесінде Украинаның Ресей әскері басып алған жеріндегі жаппай қырғын Еуропа тарихында мәңгі қалатыны айтылған. Мәтінде «Ресей бұл қылмысы үшін жауап береді» деп көрсетілген.

Мәскеу өзін кінәлі сезінбейді, Буча қырғынын Украина билігін арадандату үшін әдейі жасаған деп санайды. Жексенбі күні Мәскеу Бучадағы жағдайды талқылау үшін Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің төтенше отырысын өткізуді сұраған болатын. Алайда оған кеңес төрағасы Ұлыбритания вето қойған.

Ресей тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин Бас тергеу басқармасына Бучадағы бейбіт адамдар өлімі туралы хабарларды сараптап, ол туралы тараған ақпараттардың Қылмыстық кодекстің «Ресей әскері туралы жалған ақпарат тарату» туралы бабына қаншалықты сай келетінін тексеруді тапсырған. Ресей әскері Укрианаға басып кіргеннен кейін Мемлекеттік дума Ресей Қылмыстық кодексіне шұғыл түрде осындай бап енгізген болатын.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар