5 C
Almaty
Сейсенбі, Қыркүйек 26, 2023

Шекарашылар туралы сериал түсірілді

Қараша айында шекарашы курсанттар жайлы түсірілген «Академия»...

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2...

Халықтың 10 пайызы келмейді. Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр?

Белсенді және тәуелсіз шолушы Арайлым Назарова Алматы...

БҚО-да тасқыннан үйлері құлаған тұрғындар жаңа баспана алды

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақбұлақ ауылында көктемгі тасқын су кезінде үйлері құлаған 6 отбасы қоныс тойын тойлады. Тұрғындардың қуанышын бөлісуге өңір басшысы Нариман Төреғалиев арнайы келіп, жаңа үйлердің кілттерін тапсырды.

Жалпы, облыс бойынша биылғы жылдың көктем айларында бірнеше ауданның елді мекендерін су алып, біраз үйлер тұруға жарамсыз болып қалған болатын. Табиғат апатының салдары, әсіресе, Бөрлі ауданына қатты тиді. Мұнда арнайы құрылған комиссия шешімімен 4 ауылдағы 16 үй тұруға жарамсыз деп танылды. Сол кезде билік жаңа үйлерді салқын түскенше салып беруге уәде етті.

 

Нәтижесінде мамыр айында жаңа үйлердің құрылысы басталып, үш айдан кейін, яғни шілденің соңында алғашқылардың легінде ақбұлақтықтар қоныс тойын тойлап отыр. Бір үлгімен салынған үйлердің ауданы 80 шаршы метрден асады, жер телімінің аумағы 8 сотық.

Осынау қуанышты оқиғамен жаңа баспана иелерін құттықтай келген Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысы тарапынан кез келген төтенше оқиғаға душар болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетілетіндігін баса айтты.

-Табиғат апаты болып саналатын су тасқынының салдарын ауызбіршіліктің арқасында уақтылы шаралар қабылдау арқылы жеңіп шықтық. Төтенше жағдайға қарамастан түсіністік пен төзімділік танытқан елді мекендердің тұрғындарына ерекше алғыс білдіремін. Құрылыс қысқа мерзім ішінде, ең бастысы сапалы аяқталды, оған да қуаныштымыз. Мына кіргелі тұрған жаңа баспаналарыңыз құтты болсын, іші ынтымақ пен ырыс-берекеге тол болсын, – деді Н.Төреғалиев.

Жаңа үйге кіргелі тұрған Нұрберген Мәженовтың айтуынша, тасқын су аяқ астынан тез келген. «Өте қиын болды. Су үйді бүлдірді. Осындай қиын жағдайға бейжай қарамай жаңа үй салып берген әкімдікке отбасымның атынан алғыс айтамын. Жаңа үйіміз әдемі, кең де жарық», – дейді ол.

Айта кететін жағдай, жергілікті билік органдары апатқа душар болған азаматтарға көмектерін жалғастыруда. Алдағы тамыз айының ортасына таман Бөрлі ауданының үш елді мекенінде жаңа 10 үй пайдалануға берілмек.

Аудан әкімдігі берген дерекке сәйкес, мүлікті бағалау туралы 175 өтініш қаралып, нәтижесі келісілген. Жергілікті бюджеттен 65 тұрғынның есепшотына 35 млн. теңге көмек қаржы аударылған. Оған қоса, «Аманат» партиясы «Ақжайық» қоры арқылы зардап шеккен 93 азаматқа 41 млн. теңге, ал Қызыл жарты ай қоры 177 отбасыға 96 млн. теңге аударған. Сондай-ақ, аудан әкімдігі 31 млн. теңге мөлшерінде бір мәрте әлеуметтік жәрдем берді.

 

 

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар