Posted inБасты тақырып

«Болжамдар негізсіз». Тоқаевтың өкілеттігі 2026-да емес, 2029 жылы аяқталады

Қазақстан Президентінің өкілеттігі туралы қоғамда әртүрлі әңгіме бар. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігіне қатысты әңгімеге нүкте қойып, жағдайды толық түсіндірді, деп хабарлайды alash.kz. Оның айтуынша, президенттің қайта сайланатыны туралы болжамдар негізсіз.

Бірқатар шетелдік БАҚ Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігі 2026 жылы аяқталады деп хабарлаған-ды. Бірақ бұл жағдайды мемлекет басшысының кеңесшісі Берік Уәли түсіндірді.

«Бұл кейбір журналистердің еліміздегі жағдайдан бейхабарлығынан туындаған мәселе болуы мүмкін. Шын мәнінде, мемлекет басшысы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында «2026 жылы референдум өткізу арқылы Конституцияға өзгеріс енгізіп, келесі сайлауға қатысады» деген алып-қашпа сөздерді жоққа шығарды. Өздеріңізге мәлім, президент 2022 жылдың қараша айында 7 жылға сайланды. Конституцияға сәйкес мемлекет басшысының өкілеттігі 2029 жылы аяқталады», – деді Берік Уәли.