Posted inҚоғам

Болат Назарбаевтың жаназасы қашан?

Болат Назарбаевтың жаназасы 14 қарашада шығарылады. Бұл туралы журналист Әмірболат Құсайынұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Болат Әбішұлы Назарбаевтың қонақ асы: бүгін, 13.11.2023 жылы, сағат 19:00 де Қаскелең қаласы, Жангозин көшесі №1 (А) «Гранд Тау» мейрамханасында беріледі.

Жаназасы: ертең, 14.11.2023 жылы сағат 11.00 де, Шамалған ауылы, А.Байтұрсынов көшесі, 144 үй мекен жайыннан оқылады.

Жаназа асы: 14.11.2023 жылы, сағат 13.00 де, Қаскелең қаласы, Жангозин көшесі №1 (А) «Гранд Тау» мейрамханасында беріледі», – деп жазды ол.

Еске салайық, 13 қарашада Болат Назарбаев 71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан қайтыс болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Social media & sharing icons powered by UltimatelySocial