18 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Болат Назарбаев жүздеген миллион тұратын 59 жер телімін алған – Саиров

Болат Назарбаев бес жыл ішінде 59 жер телімін заңсыз алған. Бұл туралы Республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілісмен қарапайым халық жер мен үйге зар болып жүргенде, бір адамның атында мұншалықты жер телімі барына наразылық білдірді.

“Біз өткендегі «ығай мен сығайлардың» жемқорлық, протекция істерінен де сабақ алуымыз керек. Болат Назарбаев деген азамат өткен кезеңде Қаскелең, Талғар, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қалаларында коттедж қалашығы, әкімшілік ғимарат, базар салу үшін 244 гектар тұратын 59 жер телімі, объект алған. Сол кісінің фамилиясына берілген.  Бұл кісінің фамилиясына берілген құжаттар менің қолымда. Аталған жер телімдерінің бағасы нарықта жүздеген млн доллар тұрады.

Бұл жер телімдерінің нарықтық бағасы жүздеген миллион доллар тұрады. Ал цифрлық даму министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2 миллионнан астам азаматтар 10 сотық жер ала алмай телміріп жүр.

Бұл неткен әлеуметтік әділеттілік? Конституциядағы теңдік принциптері қайда? Осындай әлеуметтік диспропорция халықтың ызасын туғызады.

Біз түсінуіміз керек, мұндай бұраудың міндетті түрде сұрауы болады. Партиялық Кеңес аппаратында осфы мәселенмен терең айналысуға тапсырма беремін! «Жер-Аманат» комиссиясымен бірге істеу қажет”, – деді Саиров.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар