-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

«Болашақпен» Ресейге оқыту – болашағы жоқ

Ресейден ғылым үйренуге тұрарлық па? Статистикалық сараптама
Біздің түлектер «Болашақ» бағдарламасымен баратын Ресейдегі ең әйгілі университеттердің Әлемдік рейтингісі төмендегідей.

«МИСиС» Ұлттық зерттеу техникалық университеті (National University of Science and Technology MISiS) Ресейде 22-орында, ал Әлемдік рейтингте 1319-орында;

Н.Е. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Bauman Moscow State Technical University) Ресейде 21-орында, ал Әлемдік рейтингте 1202-орында;

ИТМО Ұлттық зерттеу университеті (ITMO University) Ресейде 17-орында, ал Әлемдік рейтингте 983-орында;

«MИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті (National Research Nuclear University) Ресейде 9-орында, Әлемде 613-орында;

Мәскеу физика-техникалық институты (Moscow Institute of Physics and Technology) Ресейде 8-орында, Әлемде 542-орында;

Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Saint Petersburg University) Ресейде 7-орында, Әлемде 538-орында;

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Lomonosov Moscow State University) Ресейде 1-орында, Әлемде 194-орында тұрады екен.

Әлемде дамыған елдердің алдыңғы ТОП 200-ге енетін универлерінің саны.
Яғни қайсы елдің ғылым-техникасы мықты, қайсы елден үйренеміз деген сөз ғой.

АҚШ 72
Ұлы Британия 19
Германия 13
Қытай 12
Франция 11
Канада 9
Нидерланд 8
Australia 7
Швецария 7
Швеция 6
Италия 4
О Корея 4
Израел 4
Denmark 3
Belgium 3
Норвегия 2
Singapore 2
Brazil 1
Ресей 1
Ал енді СКОПУС базасында 32 мың ғылыми журнал бар екен. Осы Әлемдегі ең мықты 32 мың ғылыми журналдан қайсы елде қаншасы бар екенін көрейік:
АҚШ 12410
Ұлы Британия 6568
Нидерланд 2031
Германия 1592
Швецария 721
Қытай 681
Испания 651
Франция 576
Индия 481
Жапония 453
Ресей 370
Осы ғылыми журналдар рейтингісінде Ресейдегі No1 ғылыми журнал «Eurasian Mining» журналы. Ал осы журнал Әлемдік рейтингте 3944-орында. Ресейдегі No2 ғылыми журнал «CIS Iron and Steel Review» журналы Әлемдік рейтингте 4693-орында. Ал осы журналдардың H-index бір қарап қойыңыз тағы.
Әлемдік рейтингте тіпті алдыңғы 1000-ға кіретін бір журналы жоқ елді, ғылымы дамыған деп айта аламыз ба?
Ғылымның деңгейін бағалайтын тағы бір көрсеткіш – әр елдердің ғылыми H-index-і.
Төменде Ресейдің ғылыми деңгейін басқа дамыған елдермен салыстырып көрейік:
1. АҚШ 2577
2. Ұлы Британия 1618
3. Германия 1429
4. Канада 1299
5. Франция 1286
6. Италия 1135
7. Нидерланд 1133
8. Жапон 1118
9. Аустралия 1113
10 Швецария 1085
11. Қытай 1010
12. Испан 1010
22.Ресей 652
Бұдан тыс Ресейден жылына неше мың ғылыми адамдар шетел асып кетіп жатыр. Бұл Ресейдің ғылыми жағыдайын тіпті нашарлатып отыр. 2012 жылы – 14 мың, 2020 жылы 70 мың ғалым Ресейден шетелге кетіпті. Мәскеу мемлекеттік уни­ве­рситеті Халықаралық қатынастар орталығының жүр­гізген зерттеуі бойынша ғалым­дар­дың елден кетуіне айлықтың аздығы (76%), ғы­лыми жобаны іске асыру мүм­кін­дігінің жоқтығы (50%) себеп және бір бөлігі ұрпағының болашағы (35%) үшін елден кетеді екен.
Біз ғылыми адамдар саясатпен арласпаймыз, бірақ ғылымды да білмейтін адамдар саясатқа айналдырмау керек.

Жексен Тоқтарбайұлы,
Химия ғалымдарының докторы (PhD)

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар