12 C
Almaty
Сейсенбі, Қыркүйек 26, 2023

Шекарашылар туралы сериал түсірілді

Қараша айында шекарашы курсанттар жайлы түсірілген «Академия»...

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2...

Халықтың 10 пайызы келмейді. Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр?

Белсенді және тәуелсіз шолушы Арайлым Назарова Алматы...

«Біз сұлу қатын емеспіз» – Әбіш Кекілбаевтың Назарбаевқа айтқаны

Ақын Светқали Нұржан Қасқа жол бағдарламасына берген сұхбатында Әбіш Кекілбаевтың Назарбаевқа жасаған ескертуін еске алды. Ол 2001 жылы Қазақстан жерін шетелге жалға беру мәселесі талқыланған кезде жасалған.

«Айналамызда әр түрлі елдер бар, түрлі мүдделер бар. Бізге кім қалай қарайды, оны да ескермесек болмайды» деп сөйледі Назарбаев. Сонда Әбіш Кекілбаев «Нұреке, бізге кім қалай қарайды деп отыратын сұлу қатын емеспіз. Сіз бен біздің ертеңгі келетін ұрпақ бізге қалай қарайды деген жалғыз қайғы болуы керек!» деді. Бейнежазбалар толық жойылып кетпесе бұл сөздер кейін де шығады» деді Светқали Нұржан.

Ол тіпті Әбіш Кекілбаевтың Елбасының қолын сүйген кезін де есіне алды.

«Кекілбаев менің қолымнан да 10 шақты рет сүйген. Маған жағынып сүйген ештеңесі жоқ. Кез келген ене көкірек үлкен кісілердің әдеті бұл. Маңғыстауда әлі күнге шалдар ықыласы құлаған, үміт еткен адамдардың қолынан сүйеді. Сол оқиға орын алған жиында мен де болдым. Ешқандай ерсілік көрінген жоқ. Жиында Елбасының өзі де жүрекжарды сөз айтқан» деді ақын.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар