2 C
Almaty
Бейсенбі, Наурыз 23, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Биыл Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешені аяқталады

 

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бірқатар құрылысы ұзаққа созылған нысандардағы жұмыс барысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды.

 

Тұрғындармен, оның ішінде үлескерлермен тұрақты түрде кездесіп тұрамын. Құрылысы ұзаққа созылған бірқатар ғимаратқа бардым. Өздеріңізге мәлім, әр нысанның өткен тарихы әртүрлі, олардың құрылысы бірнеше жылдан бері бітпей келеді. Мәселен «Ақерке-2» тұрғын үй кешенінің тіпті іргетасы да болмаған еді. Ал «Пана» тұрғын үй кешенінің құрылысы 8 жыл бұрын басталған. Осыған дейін әкімдік құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізген болатын. Дегенмен қалған нысандарды аяқтау міндеті де мойнымызда тұр. Бұл – 30-дан астам тұрғын үй кешені. Онда мыңдаған отбасы жылдар бойы баспанасын күтіп жүр. Құрылысы ұзаққа созылған әрбір нысанды аяқтау бойынша өзіндік жоспары бар. Биыл осы нысандарды аяқтауды тапсырдым. Қаланы аралау барысында донор-нысандардың құрылысымен таныстым. Олар ұзаққа созылған нысандардың құрылысын аяқтау үшін салынған қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз етеді. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы мемлекет басшысының бақылауында, – деп жазды қала басшысы.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін Жеңіс Қасымбек үлескерлердің мәселесін түбегейлі шешуге уәде берген болатын.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар