-2.1 C
Almaty
Жұма, Ақпан 3, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Біртанов ісіне арналған сот: прокурор мен судьяға сенімсіздікпен басталды

26 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық №2 сотында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен орынбасары Олжас Әбішевтің істері бойынша сот тыңдауы басталды. Сот залына баспасөз өкілдері де кірді.

Сот отырысы бұрынғы министр қорғаушыларының прокурор мен судьяға сенімсіздік білдіруімен басталды. Қорғаушы ретінде сөйлеген Біртановтың бауыры денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Асқар Ақбаевты соттан шеттетіп, сотқа оны куәгер ретінде тартуды ұсынды. Министрлік бұл істе жәбірленуші тарап боп келген. Біртановтың қорғаушылары Ақбаев ақпараттық платформа қабылдаған кезде қол қойғанын айтты. Ал бұрынғы министр осы іс бойынша сотты болып отыр.

Елжан Біртановтың адвокаттары «қылмыстық іс бойынша мүддесі болуы мүмкін» деп, прокурорға да сенімсіздік білдірді. Прокурор мен министрлік өкілі бұл өтініштерді судьядан қабылдамауды сұрады.

Үзіліс кезінде журналистермен сөйлескен Елжан Біртанов адвокаттарының өтініші бойынша сот толық аяқталғанға дейін егжей-тегжейлі комментарий бере алмайтынын айтты.

Көңіл-күйім жақсы. Сот процесіне тыңғылықты дайындықпен келдік, — деді Біртанов.

Жеке кабинетке барып кеңескен судья Ибрагим Әлкенов Елжанов адвокаттарының өтініші қабылданбайтынын жариялады. Осыған байланысты Біртановтың адвокаты Нұрлан Бейсекеев «сот қылмыстық процестік кодексті бұзумен басталды» деп, судьяның өзіне сенімсіздік білдірді.

«Дәлелдерімізді сотқа дейін қанша рет айтсақ та ешкім назар аудармады»дейді адвокат Нұрлан Бейсекеев.

Судьяға сенімсіздік білдіру туралы өтінішті өзге судьялар қарайды.

11 мамырда бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және бұрынғы денсаулық сақтау вицеминистрі Олжас Әбішевтің ісі НұрСұлтанның 2 Сарыарқа аудандық сотына қайта түскені хабарланған.

Қаңтар айында 2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов тергеу органдары «көп қателік жіберді» деп мәлімдеп, істі бас прокуратураға қайтарған.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшыларына қылмыстық істер 2020 жылы қозғалған. Олжас Әбішев 2020 жылы тамызда қамалған. Бұрынғы вицеминистрге ақпараттық жүйелер құру үшін бөлінген 500 млн теңгедей қаражатты жымқырды деген айып тағылды. Сол жылы қараша айында Елжан Біртанов ұсталды. Ол «ірі көлемде бюджет қаржысын талантаражға салды» деген күдікке ілінді.

Ал Біртанов тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарды. Ол осыған дейін өзіне тағылған айыптарды «дәрідәрмектерді жымқыру» схемасымен байланыстырған. 50 жастағы Елжан Біртанов 2017 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың маусымның соңына дейін денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған. Ол коронавируспен ауырғандар күрт көбейіп, ауруханаларда орын жетпей қалған тұста отставкаға кеткен.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар