14 C
Almaty
Бейсенбі, Маусым 1, 2023

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Назарбаевқа тіл тигізсеңіз, жазаланбайсыз!

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан...

Зайытов Склярға шүйлігіп отыр

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов премьер-министрдің бірінші орынбасары...

Бір реттік президенттік норманың ұсынылғаны дұрыс

Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты іске асыру үшін кез келген өршіл бағдарламаны іске асыруға жеткілікті кезең қажет. Өмір бір орында тұрмайды. Ел ішіндегі жаһандық процестер мен қоғамдық даму серпіні күн сайын жеделдеп келеді» деп айтқан болатын.

Шынында да, президенттің бұл шешімі дұрыс. Кезектен тыс сайлау өтуі де орынды.  Меніңше, 7 жыл аз уақыт емес, сол аралықта да талай істі атқаруға болады. Осы мерзім ішінде Президент өзінің барлық қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруға, Қазақстан халқының жалпыұлттық дамуы мен әл-ауқаты жақсартып, табысты команда қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеткілікті уақыт.

Еліміз талай формациядан өтті. Сондықтан жаңа үкімет бәрін жаңадан бастауы керек. Осыған біз, бәріміз атсалысуымыз тиіс. Ол үшін әрбір қазақстандық өз жұмысын дұрыс атқарып, жұмыс істеп, өсіп келе жатқан ұрпағын дұрыс тәрбиелесе, елмізге жасаған жәрдемі сол болады.

Енді айтарым, Астана операсы бұрын Күләш Бәйсеитованың атында еді, соны қайтарса деген тілегім бар. Ұлы адамды ұлықтауымыз керек. Елдің әл-ауқаты, әдебиеті, мәдениеті, әлеуметі түзелмей ел болмаймыз. Осыны ұмытпапйық!

Асанәлі Әшімов,

Қазақстанның Халық әртісі

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар