21 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Бір апта өтпей Петропавл 2-ЖЭО-да жаңа апат болды

 

Қайғылы оқиғадан бір апта өтпей жатып Петропавлдағы ЖЭО-2-де жаңа апат болды, деп хабарлайды «Петропавловск.News».

«Кеше, 26 наурызда сағат 21.30-да Петропавл қаласының 2-ЖЭО-да кезекті апат болды. Қала тұрғындарының  пәтерлерінде тағы да сәл жылы су келіп,  батареялары жылымшы болып тұр. Желілік судың температурасы Цельсий бойынша 37-ден 43 градусқа дейін ауытқуда»  делінген хабарламада.

Атап өтілгендей, өңірде нөлден төмен температура әлі де сақталуда және әлеуметтік желілерде тұрғындар арасында  «Көктемге дейін жетеміз бе?», яғни жылу беру маусымы аяқталғанша шыдаймыз ба, деген сауалдар туындауда.

«Қазіргі таңда ЖЭО-2-де екі қазандық пен екі турбина ғана бар. Бұл ақпаратты «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі растады, бірақ олар облыс орталығында жылу қашан қалпына келеді деген сұраққа жауап бере алмады. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде және олардың қашан аяқталатыны туралы нақты болжам жоқ» делінген хабарламада.

Еске салайық, 20 наурызда Петропавлдағы 2-ЖЭО-да үш құбырдың бірі жартылай опырылған болатын. Салдарынан нысан қызметкерлерінің бірі үйінді астында қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар