-2.1 C
Almaty
Жұма, Ақпан 3, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Бергей Рысқалиев митингке шықты (видео)

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алу митингісіне шықты.

Видео Бергей Рысқалиевтің Instagram парақшасында жарияланды.

Митинг 13 ақпан күні Ұлыбритания астанасы Лондонда өтті. Жиналған қауым Алматыда наразылық кезінде қолданған «Біз – қарапайым халықпыз! Біз – террорист емеспіз!» банерімен Лондон алаңына шықты.

«Назарбаев сотталсын! Назарбаев пен оның төңірегіндегілер сотталсын!» деген ұрандар айтылды.

Бейнекадрларға қарайтын болсақ, кадр сыртында ер адамның дауысы естіліп тұр және оның артынан адамдар ұранды қайталауда.

– Біз әділетті тергеуді талап етеміз! Халыққа шындық керек! Тым көп адам өлді! Бізге әділеттілік керек! Жазықсыз адамдарды азаптауды доғарыңдар! Біз тәуелсіз және әділет сот жүйесін талап етеміз ,– деп ұрандатты ер адам.

Еске салсақ, Бергей Рысқалиев 2006-2012 жылдар аралығында Атырау қаласы мен Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. 2013 жылы экс-әкімге аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және қылмыстық топ құрды деген айып тағылған болатын.

Тергеу бес жылға созылып, 2019 жылы қазақстандық сот Бергей Рысқалиевті 17 жылға, оның ағасы, мәжілістің экс-депутаты Арманжан Рысқалиевті 16 жылға бас бостандығынан айырды. Екі үкім де сырттай шығарылды.

2020 жылдың жазында қазақстандық сот Бергей Рысқалиевтің отбасы мен жақындарынан тәркіленген мүліктің «бір бөлігін» қайтаруды бұйырды. Рысқалиевтің мүлкін қайтаруға қатысты кассациялық шағымын Қазақстанның Бас прокуратурасы беріп, оны Жоғарғы сот тез арада мақұлдады.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар