-4.1 C
Almaty
Сейсенбі, Ақпан 7, 2023

Түркия. Жер сілкініп, 500-дей адам қайтыс болды

ТҮРКИЯДА АЛАПАТ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛЫП, 300-ДЕЙ АДАМ...

Израильде 60 мыңға жуық адам билік реформасына қарсы бас көтерді

  Кеше Израильде президент Биньямин Нетаньяхудың реформаларына наразы...

Белсенді Жанболат Мамайға шабуыл жасаған кімдер?

Жаңаөзенде «титушкалар» тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамайға шабуыл жасаған.

Бұған дейін шеруге қатысқан Жаңаөзендіктер белсенді Жанболат Мамайды таспен атып, қуды деген ақпарат тараған. Мамайдың жұбайы Инга Иманбай бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ал Мамайдың өзі:

«Халықтың мәселесін білуге ​​келгенімізде мұнда бір топ арандатушылар келіп, бізге шабуыл жасай бастады. Бұл биліктің арнайы «титушкалары» деді ҚазТАГ-ке берген сұхбатында.

Белгілі болғандай, митингіге 10-20 адам келген. Видеодан бетін бүркегендердің кім екенін анықтау қиынға соққан. Себебі, олар көзілдірік, капюшон киіп, маска тағып алған.

Мамайдың серігі, белсенді Абзал Достияровтың айтуынша, полицейлер «титушкалардың» жолын бөгемеген, белсенділерді көпбалалы аналар қорғаған.

Жергілікті белсенді Серік Бақтыбайұлы «титушкалар» түсіру жабдығын сындырғанын айтты.

Сондай-ақ, видеодан «титушкалардың» белсенділермен қатар көпбалалы аналарға жұмыртқа атқандарын көруге болады.

«Оларды дайындаған әкімдік», – деді әйелдердің бірі.

Telegram арналардың бірі, Жанболат Мамайға шабуылды қала әкімі Мақсат Ибағаров ұйымдастырды деген болжам жасаған. Шабуылға жергілікті биліктің «Теңге» есімді тобынан қылмыскер ағайындар қатысқан.

Еске салсақ, бүгін Жаңаөзенде көпбалалы аналар бейбіт шеруге шығып, президенттен жалға берілген пәтерлерді жекешелендіруді сұрады.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар