-6.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

«Beles» құрылыс компаниясы Қостанайға 25 тонна азық—түлік жөнелтті

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» деген ұғым әлемдік тәжірибеде өткен ғасырдың басында қалыптасып, өркениетті елдерде уақыт талабына сай тұрақты дамып келе жатқан үрдіс. Ал Қазақстанда бизнестің қарапайым халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі туралы көп айтылғанымен, қиын қыстау сәтте халықпен бірге болып, қайырымдылықты жолға қойған кәсіпкерлер некен саяқ.

Әйтсе де  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен өтетін үлкенді-кішілі басқосулардың бәрінде дерлік «Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарса, бизнестің болашағы да көркейеді. Сондықтан халықпен бірге болыңыздар» деген пікірді үнемі кәсіпкерлердің санасына сіңіріп келеді. Осы орайда кешегі Қостанай өңіріндегі төтенше жағдай кезінде де қалталылардың қамқорлығы қажеттігі сезілді.

«Beles» құрылыс компаниясының директоры Махат Төреәлі, белсенді Мақсат Толықбай бірге бірнеше күннен беріҚостанайдағы штабпен байланысып қажеттіліктердің тізімін жасақтап, көлік керуенін аттандыруда. Махат мырза бұл жөнінде өзінің парақшасында «Мақсат бауырымыздың бастамасын қолдап, Алла разылығын үміт етіп, тілсіз жаудан зардап шеккен Әулиекөлге 25 тонналық көлікке азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттарды артып, аттандырдық. Президентіміз өз сөзінде барлық қоғам болып, кәсіпкерлер бірігіп осы бір ағайынның басына түскен жүкті жұмыла көтеруге шақырды. Біз де осылайша аз да болса қолдауымызды білдірдік. Соңғы бір сұхбатымда айтқан едім  «Құрылыс компаниялары тек үй сатып,пайда табуды көздемейді» деп. Мінекей соның дәлелі артымызда тұрған құрылысшы азамат жігіттер. Алла еліміздің тілсіз жаудан, қисынсыз даудан сақтасын!» деп пікір қалдырған.

Қайғылы жағдайға бейжай қарай алмай, халыққа қамқорлық көрсетуге асыққан азаматтардың ісі өзгелерге үлгі болғай!

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар