2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл...

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Беларусьте Ресей мен Украина арасында келіссөздің екінші раунды аяқталды


Беларусьте Ресей мен Украина арасында келіссөздің екінші раунды аяқталды. Украина президенті кеңсесінің өкілі Михаил Подоляк «бізге керек нәтижеге қол жеткізе алмадық» деді.

Ол Ресеймен гуманитарлық дәліз ұйымдастыру үшін атысты уақытша тоқтату туралы ғана келісімге келгендерін мәлімдеді.

«Бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін және атыс болып жатқан жерлерге дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізу үшін уақытша атысты тоқтатуға келісті» деді Подоляк.

Украина тарабы келіссөздің үшінші раунды қашан болатыны белгісіз дейді.

Осының алдында Ресей президенті Владимир Путин мен Франция президенті телефонмен сөйлескен. Макронның ресми өкілі бұл кездесу жайлы:

«Франция президенті қиындықтың бәрі алда деп күтеді. Себебі Путиннің айтқандарынан жылымық көрмеген. Ол алған бетінен таймай отыр. Путин әлем оның шартын қабылдайды деп күтеді. Егер оның шартын қабылдамаса ол Украинаны толық басып алғанша шабуылды жалғастыра бермек» деді.

Ал Кремльдің хабарлауынша, Путин Макронмен телефон арқылы сөйлескенде Мәскеу мақсатына жететініне «сенім білдірген». Бұған дейін Путин Украина «қарусызданып», бейтарап статусқа ие болуы керек деген талап қойған еді.

Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысы жалғасып жатыр. Бейсенбі, 3 наурызға қараған түні Украинаның ондаған аймағында әуе дабылы қағылды. Киев, Харьков секілді бірқатар қалаға шабуыл жасалды. Бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар көбейгені хабарланып жатыр.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар