1 C
Almaty
Бейсенбі, Ақпан 9, 2023

Тараз. Қаңтарда оққа ұшқандар кінәлі болды

Тараз соты Қаңтар оқиғасынан кейін айыпталған тоғыз...

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне...

Атаулы жалақы 338 мың теңгеден асты

  Елімізде 2022 жылғы төртінші тоқсанда атаулы жалақының...

Бекболат Тілеуханов «кәпір» деген азамат арызданып жатыр

Дін зерттеушісі Тұрарбек Құсайынұлының экс-депутат Бекболат Тілеуханның үстінен Бас прокурорға түсірген арыз-шағымы Ішкі істер министрлігіне жолданды. Бұл туралы www.dalanews.kz хабарлады.

Естеріңізге салсақ, Түркиядағы Бекболат Тілеухан журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында құқық қорғаушы Тұрарбек Құсайынұлын ашық түрде “кәпір” деген еді.

Мысалы Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Төле би Оспан қажының айтуынша біздің заманымыздағы харижиттер (лаңкесшілер) – тәкфир және һижрат ағымдары. Бұл ағымдарға Қазақстанда тыйым салынған.

“Бұлардың аты айтып тұрғандай, негізгі ұстанымдары – олармен бір болмағандарды кәпірге шығару. Атап айтқанда, олардың түсінігінше – әрбір үлкен күнә жасаған адам – кәпір.

Құранға емес, Ата Заңды басшылыққа алу – күпірлік. Мұндай билікке қарсылық білдірмеген халық та – кәпір”, – дейді имам.

Имамның айтуынша дін ғалымдарына келсек,  аталған ағымдардың пайымдауынша үкіметті және халықты имансыз демегені үшін, олар да кәпірге жатады.

“Сонымен бірге, тәкфир жамағатының ой-пікірін естіп, олардың қатарына қосылмаған және аталмыш ағым жетекшісіне бойұсынуға серт бермеген әрбір адам – кәпір. Ал, осы жамағатқа кіріп, соңынан шығып кетсе – муртад. Демек, діннен шығушы. Тәкфир ағымының тұжырымы бойынша, олардың қатарынан шыққан адамды өлтіруге рұқсат.

Міне, мұндай сенімде шынайы Ислам дінінің жұрнағы да жоқ деп толықтай айтуға болады, – дейді Төле би Оспан.

ҚМДБ имамы бұл сөзіне Қазақстаннан Чехияға қоныс аударған бір топ салафи тәкфир жамағатын да дәлел қылады.

Өзін сынағандарды кәпір, шайтан, ібіліске теңеген Бекболат Тілеуханның экстремистік бағыттағы діни сөздеріне байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі қандай құқықтық баға берер екен?!

Бұған дейін Тұрарбек Құсайын Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялап, радикалдармен күреске деп бөлінген 300 млрд теңгенің есебін сұраған еді.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін діни экстремизм және терроризмнің алдын алу деген желеумен 300 млрд теңге жұмсалған. Оның 200 миллиарды Кәрім Мәсімовтің Премьер-министр болып тұрған кезінде бөлінген. Ол аздай Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып тұрған шағында тағы 100 миллиардтан астам қаржы бөлінген.

“Мысалы Түркиядағы Бекболат Тілеухан журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланды деп айып тағылған Кәрім Мәсімовтің саясаткер ретінде ерекше қасиетін бағалап, жер-көкке сыйғызбай мақтады.

Бұдан шығатын қорытынды монархиялық салафизмді аңсаған Назарбаев пен оның әулеті және сол саяси жобаны жүзеге асырғысы келген Кәрім Мәсімов, Қайрат Сатыбалды, Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабек сияқтылар діни экстремизмге қарсы бағытталған 300 миллиардтан астам халықтың ақшасын, өз бидайын өзіне қуырып, яғни ортағасырлық араби-парсы идеологияны қазақтың санасына тықпалау мен шырмауға жұмсаған ба?! Бұл деген кәдуілгі қасқырға қой бақтыру емес пе?!

Осы фактілерді алға тарта отырып, құзырлы органдар мен мемлекет басшысынан қамаудағы Кәрім Мәсімовтің үкімет пен ҰҚК басқарған кезіндегі экстремизм-терроризмге қарсы кешенді күрес бағдарламасына жұмсалған, яғни халықтың қыруар ақшасының есебін беруін талап етемін”, – деген еді Тұрарбек Құсайын.

АвторЖеңісбек Халелов

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар