14 C
Almaty
Жексенбі, Наурыз 26, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Башқұртстан бас көтерді. «Ресейден бөлінеміз!»

«Өткен жылы әлемде ұлы, батыр халық пайда болды. Ол – Украина халқы», – дейді Башқұрт ұлттық саяси орталығының жетекшісі Руслан Габбасов.
Оның айтуынша, Украина халқы Ресей басқыншылығынан тек өздерін ғана құтқарып қойған жоқ, олар өзге де боданға түскен халықтардың бойына күш-жігер дарытты.
«Осыдан жыл бұрын «орыс әлемі» өлім дәнін себуші, зұлымдық пен қанпезерліктің нақ көрсеткіші екенін дәлелдеп берді. «Орыс әлемінде» бізді тек қана өлім күтіп тұр. Оның өздері көрсетіп отыр», – дейді ол. Башқұрт ұлттық қозғалысының жетекшісінің сөзінше, соғыс басталғаннан бері Башқұртстан өз тәуелсіздігі үшін күресу керек екенін, Ресейден жолын айыру керек екенін түсінді.
«Енді империямен жолымыз бөлек. Башқұрт ұлттық қозғалысы саналы түрде Башқұртстанның тәуелсіздігін таңдады. Мұндай мүмкіндікті бізге жаратушының өзі беріп отыр. Енді біз сол мүмкіндікті міндетті түрде 100 пайыз түгел пайдаланамыз», – деді Габбасов.
Республика өз тәуелсіздігі үшін күресетінін жеткізді.
Соңғы кездері Ресей Федерациясы құрамындағы Башқұртстан Республикасында азаттық алуға байланысты қозғалыстар жиі байқала бастады.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар