-2.1 C
Almaty
Жұма, Ақпан 3, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

 

Қасіретті қаңтардан кейін сыңға қалған Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болып тағайындалды.

Ұйымның сайтында хабарланғандай, Сағынтаевты ЕЭК алқасының мүшесі етіп тағайындау туралы шешім 23 мамырда Мәскеуде қабылданған. Бұл қызметте ол Руслан Бекетаевты алмастырды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы тұрғындары Алматы әкімі Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап еткен петиция жарыққа шығып, 20 мыңнан астам қол жиналды. Желіде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетіп, орнына Бейбіт Атамқұловтың келе жатқаны туралы хабарлама тарады. Алматы әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.

31 қаңтар күні Қазақстан президенті Сағынтаевты отставкаға жіберіп, орнына Ерболат Досаевты тағайындады.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар