1 C
Almaty
Бейсенбі, Ақпан 9, 2023

Тараз. Қаңтарда оққа ұшқандар кінәлі болды

Тараз соты Қаңтар оқиғасынан кейін айыпталған тоғыз...

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне...

Атаулы жалақы 338 мың теңгеден асты

  Елімізде 2022 жылғы төртінші тоқсанда атаулы жалақының...

Балабақшадағы кезек республика бойынша бірыңғай базаға енгізіледі – Асхат Аймағамбетов

Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың моделін қабылдады. Онда педагог балалардың физиологиялық және психологиялық қажеттіліктері бойынша арнайы әдістемемен іске асыратын болады. Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты.

Белгілі болғандай, балабақша жұымысындағы жаңа әдістеме шетелдік тәжірибелердің зерттеулеріне сүйене отырып жасалған.

Өз баяндамасында ведомство басшысы балабақшалардың сапасын жақсартуда бірқатар талаптардың күшейтілетінін айтты.

«Яғни, материалдық-техникалық база, бейнебақылау жүйесі, педагогтердің біліктілігі, санитариялық, өртке қарсы нормаларға сәйкестігі, мемлекеттік тапсырысты берудің басты талаптары болады. Соның ішінде жекеменшік балабақшалардан да балаларға қолайлы жағдай жасау талап етіледі. Сондай-ақ, балабақшалардағы орындарды бөлу кезіндегі ашықтықты қамтамасыз ету үшін, облыстардағы электронды кезектердің бәрі енді республика бойынша бірыңғай базаға еніп, біріктірілетін болады», – деді министр.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар