-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

«Бәйтерек» холдингінің 11 топ-менеджері былтыр 700 млн теңгеге жуық жалақы мен сыйақы алған

«Бәйтерек» ҰБХ 2021 жылы топ-менеджерлердің сыйақысын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өткен жылы холдингте директорлар кеңесінде сегіз адам, одан бөлек үш тәуелсіз директор жұмыс істегені белгілі болды.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері мен басқарма мүшелеріне 2021 жылға төленетін еңбекақы мен сыйақыны қоса есептегенде жалпы сомасы 684,36 миллион теңге бөлінген. Бұл салықты қоса есептегендегі сома. Бұл туралы KASE сайтында хабарлама жарияланды.

Forbes басылымының мәліметіне сәйкес, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҰБХ Басқармасының құрамында жеті адам болды: Басқарма Төрағасы Айдар Арифханов, Төрағаның бірінші орынбасары Қаныш Ізбастин, төраға орынбасарлары – Әнуар Омарходжаев, Әділ Мұхамеджанов, басқарушы директорлар – басқарма мүшелері – Ерсайын Хамитов, Тимур Жанке, Айгүл Жуанышбаева. Басқарманың бір мүшесі Рустам Қарағойшиннің өкілеттігі тоқтатылды. Осылайша, 2021 жылы ҰБХ басқармасының құрамында барлығы сегіз адам жұмыс істеді. Сонымен бірге, холдингтің 2021 жылға арналған жылдық есебінде хабарланғандай, тек төртеуі толық жыл бойы, үшеуі мамырдың аяғынан жылдың соңына дейін, біреуі жылдың басынан мамырға дейін жұмыс істеген.

Директорлар кеңесі 10 адамнан тұрды, олардың үшеуі тәуелсіз директор болды (Сингапурлық Филип Йеох және Германия азаматтары – Клаус Мангольд пен Томас Миров).

«Холдингтің директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі функцияларды орындауға байланысты сыйақы тек директорлар кеңесінің мүшелері болып саналатын тәуелсіз директорларға ғана төленді», – делінген жылдық есепте.

Осылайша, көрсетілген сома шамамен 684,36 млн теңге – холдингтің 11 топ-менеджеріне (сегіз басқарма мүшесі және үш тәуелсіз директор) түрлі акцияларға арналған деп болжауға болады. Айтпақшы, 2020 жылы қаржылық есептілік депозитарийінің сайтында көрсетілгендей, ҰБХ басқармасының алты мүшесі жалпы сомасы 248,56 миллион теңгеге жуық қаражат алды.

2021 жылдың соңында холдингтің қаржылық есебіне сәйкес, «Бәйтеректің» меншікті капиталы 238,86 млрд теңгеге (1,43 трлн теңгеден 1,67 трлн теңгеге дейін), жалпы активтері 3,06 трлн теңгеге (6 81 трлн теңгеден 9,87 трлн теңгеге дейін), жалпы міндеттемелер – 2,82 трлн теңгеге (5,38 трлн теңгеден 8,2 трлн теңгеге дейін), таза пайда – 37,82 млрд теңгеге (73,06 млрд теңгеден 110,88 млрд теңгеге дейін) өсіпті.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар