-6.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Байлар зәулім сарайларын сатып жатыр

Жылжымайтын мүлік нарығында соңғы кезде миллиардтаған теңге тұратын үйлердің сатылымы басталғанын байқауға болады.

Үй іздеуге арналған танымал сайттағы мәлімет бойынша, Қазақстан бойынша құны 1 миллиард теңгеден асатын 160-қа жуық зәулім сарайлар мен қымбат пәтерлер сатылып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Хабарландырудың көбі қаңтардың соңында, ал жартысынан көбі тіпті соңғы күндері жарияланған.

Ең қымбат мүліктің бірі елордамызда орналасқан екен. Мысалы, вип-қалашығындағы 10-бөлмелі, 1400 шаршы метрлік үй 2,6 миллард теңге тұрады.

«Үй елорданың сол жағалауындағы экологиясы таза аудандардың бірінде, Президент саябағына жақын жерде, жаңа әкімшілік орталықта тұр. Сарай орналасқан қалашықтың аумағы толық қоршалған. Кіреберісте күзет, жан-жағында бейнебақылау жүйесі тұр»,

— делінген хабарландыруда.

Ал «депутаттар қалашығы» атанып кеткен ауданда сатылып жатқан 3 қабатты, 7 бөлмелі үй 2,5 миллиард теңге тұрады.

Қымбат та, жайлы зәулім үйлер Алматыда да жоқшылық емес. Мысалы тау бөктерінде орналасқан 750 және 250 шаршы метр екі резиденцияның құны 2,5 миллард теңге. Үйдің сипаттамасы керемет!

Үш қабатты үй 1 гектар жерде орналасқан. Үйде жұмыс кабинеті, қысқы зал, монша, ашық бассейн бар. Сарай Іле Алатауы қорығымен шектеседі. Сондықтан айналасында қарағай орманы мен өзен бар. Жолдары асфальт, су мен жылу орталыққа қосылған,

делінген хабарландыруда.

Елімізде люкс санатындағы осыншама үйдің соңғы кезде сатылып жатқаны «Қаңтар трагедиясына» байланысты ма деген сұрақ туындайды. Сондай-ақ өткен айда ұсталып, қамауға алынған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің АҚШ-тағы жылы штаттарда 16 зәулім үйі бар екені анықталды.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар