Posted inҚоғам

Б.Назарбаевтың қанша гектар жері мемлекетке қайтарылды? Сұлтанғазиев неге аты жөндерін айтудан бас тартып отыр?

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдегі мемлекетке қайтарылған жерлер туралы айтты. Сондай-ақ Талғар мен Қаскелеңдегі марқұм Болат Назарбаевқа тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды ма деген сұраққа да жауап берді.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз мәслихатына қатысқан өңір әкімі жерді мемлекетке қайтару мәселелері туралы сұраққа жауап берді. БАҚ өкілі Марат Сұлтанғазиевтен Талғар мен Қаскелеңдегі марқұм Болат Назарбаевқа тиесілі жерлерді мемлекетке қайтару мәселесі туралы сұрады.

Облыс әкімі жалпы облыс бойынша 600 мың гектардан астам жерді анықтағанын айтты.

“Соның 30 пайызын қайтардық. Бұл жұмыс ары қарай жүргізіледі”, – деп қысқа қайырды әкім.

Алайда Сұлтанғазиев қайтарлыған жердің қанша гектары Болат Назарбаевқа тиесілі болғаны туралы сұраққа жауап бермеді. Өйткені көбіне жер басқа біреудің атына жазылады. Сондықтан ешкімнің аты-жөні мен фамилиясын айта алмайтынын жеткізді.

Өңір басшысы 300-ге жуық шаруашылықтан жер қайтарылғанын, олардың әрқайсысының фамилиясы есінде жоқ екенін айтты.

Пікір үстеу