-4.1 C
Almaty
Сейсенбі, Ақпан 7, 2023

Түркия. Жер сілкініп, 500-дей адам қайтыс болды

ТҮРКИЯДА АЛАПАТ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛЫП, 300-ДЕЙ АДАМ...

Израильде 60 мыңға жуық адам билік реформасына қарсы бас көтерді

  Кеше Израильде президент Биньямин Нетаньяхудың реформаларына наразы...

«Азаптауға шыдамай асылып өлдім деп жаз»: Қаңтарда азапталған жігіттің хаты жарияланды

Бейбіт шеруге қатысқан Самат Нұрмұхановтың жұбайы Сандуғашқа жазған хатын қоғам белсендісі, журналист Серік Аббас-Шах әлеуметтік желіге жариялады.

«Сандуғаш, жаным!

Адам баласы төзе алмайтын азаппен азаптады. Сөзбен жеткізе алмаймын. Тоққа да соқты, суға тұншықтырды. Одан аяғымызды асып, аяқ, қабырға, ішіміз, өкпе, бүйрек, бәрін түсірді.

Мен тек сендерді ойлап, әйтеуір, ең болмаса, сендерге тимесин деп жүрмін. Кешір мені, сенің аяғың ауыр.

Кішкентай Нұрайшамды, жанымды, Сабикошым менің, маған тартқан мінезі де. Біржанды ұлым, оқымай қылды. Қала бердім соққының астында.

Кешір мені, жаным, мен өз қара басымды ойламадым.

Есіңде болсын, бала-шағама айт, үйрет, мен кінәлі емеспін үкімет алдында.

Мен шаршадым қорлықтан, соңғы демім таусылғанша. Сен барсың менде, маған сенетін жаным менің, аппағым, күнім менің, жалғызым менің, бетіңнен сүйдім қатты-қатты.

Шамаң келсе, мына хатты оқыт бауырларға, Асхатқа айт. Саған көмегін берсін бәріне айтып, мен сұрады деп. Бәріміздің ақыретіміз бір. Бірлік бар жерде, тірлік, бейбітшілік бар.

Общественниктерге айт, журналисттерге айт, бәріне айт.

Мен неге жазып жатырмын? Ең болмаса, сен, жаным, білсін деп. Маған қиын әрине, жан-дүнием жылады. Расында, бұрын-соңды бұндай күнге түспеп едім, бұндай қорлықты көрмедім мен. ДВД-да қытты қорлады.

Тоққа соқты, суға батырды, тұншықтырып, предсмертный қағаз жазғызды, өз-өзіме қол жұмсадым шыдай алмай деп.

Маған өз-өзіме өз қолыммен өлім жазасын жаздырды. Я асылып өлем, я кесіліп өлем – деп. Мен таяқтың астында жаздым.

Одан олар айтқан маған, қолыма граната ұстатып, отпечаткамды алып, қазір үйіңе апарып тастаймыз, үйден таптық деп. Содан әйелің мен балашағаңды, аяғы ауыр әйеліңді қорлаймыз деп, берген қағаздарға қол қоймасам деп. Оқытпады ештеңе, жан-жақтан ұрып.

Екі өкпемді кетірді, қазір қан тоқтамай жөтелем, бүйрегім ісіп кетті. Бір апта қан тоқтамамай, зәрімнен шығып. Қабырғамды майыстырды, білгендерін істеп. Ұрып, Жасұланды өлтірген, бірге түскен бауырларды. Қанатты да сөйткен ДВД-да.

Общественниктерге айт, қырсын, журналисттерге айт, бәріне айт. Жасұлан да осылай қорлық көрді, басына қан құйылып кеткен соққыдан. Мені танитын бауырларға айт. Көмегін берсін саған.

Мен ешкімге жала жаппадым, айт, олардың әдейі айтқаны өтірік.

Сүйдім, жаным.

Маған бірдеңе болса, мен өз-өзіме қолымды жұмсамаймын. Өздері мені өлтірген болады. Өз-өзіме қол жұмсаған үлкен күнә, білесің өзіңде. Қалимамды (сүре) айтып кете беремін.

Жаным, Нұрайша, Сабира қыздарым, Біржан ұлым, ананың құрсағындағы ұлым Мұхаммедрашид, сүйдім.

Әкелерің Самат.

Гүлзияға айт, көтерсін, олар жазаланбай қалмасын, солар террористтер, ДВД-лар.

Сүйдім, Салимахан, жаным.

Свиданияға кел, көр мені.

Мына адресқа жазыңдар.

Гүлзия, сен, бәрі, бұл хатымды сақта, ксерокопия жасап ал”

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар