18 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Азамат Сатыбалды, актер: Оң өзгерістер кезеңінде тұрмыз

Азамат Сатыбалды, актер, Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының директоры

             Оң өзгерістер кезеңінде тұрмыз

– Шынын айту керек, биыл мемлекетіміз үшін үлкен өзгерістер кезеңі болуды. Саяси реформалар бағытының нығайғанын аңғардық. Соның бірі әрі ең бастысы – қарашада өткелі тұрған кезектен тыс президент сайлауы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында кезектен тыс президент сайлауы өтетінін хабарлағанда таңырқағанымыз рас. «Неге, не үшін?» дегендей сауалдар болды. Алайда мұның маңызды мәні бар екенін кейін ұғындық. Өйткені жан-жағымыз аласапыран, алыс-жақын елдерде небір қақтығыстар болуда. Таяу арада тоқтағанның өзінде, зияны көпке ұзайды. Сондықтан еліміз алдын ала қамданып, ел басқаратын көшбасшысын таңдап алып, жүйелі істерге көшкені жөн. Яғни, президент сайлауының кезектен тыс өтуі – заңдылық.

Қандай да оң өзгерістер болып жатса, оның халық үшін атқарылып жатқанын ескерген дұрыс. «Билік – халықтың айнасы» дейміз, ел билігі саяси реформалар арқылы әділдікті ту етіп, қарқынды жұмыс атқарса, халықтың да билікке деген сенімі артып, ауызбіршілігі нығаяды. Сайлаудың маңызды екенін жұртшылық біледі, халық өз таңдауын жасауға айрықша белсеніп, мән береді деп ойлаймын. Президентті сайлап алғаннан кейін мемлекетіміз үшін жаңа кезеңнің парағы ашылатыны сөзсіз. Қарқынды дамудың, саяси реформаларға негізделген оң өзгерістердің, қуантар жаңалықтардың көп болатыны күмәнсіз.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар