-6.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Азамат Батырбаев «кінәсін мойындапты»

Қаңтар оқиғасынан кейін «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген күдікпен қамауға алынған Азамат Батырбаев «кінәсін мойындап», тергеумен процестік келісімге келді. Бұл туралы 20 маусымда Азаттыққа Азамат Батырбаевтың адвокаты Бауыржан Азанов айтты.

— Азамат Батырбаев процестік келісім жасасып, кінәсін мойындады. Маған өзі айтты. Мен процестік келісімге үзілді-кесілді қарсы болдым, дейді адвокат.

Процестік келісім бойынша, сот кезінде прокурор Азамат Батырбаевқа шартты жаза сұрауға тиіс.

Азамат Батырбаев Талдықорғандағы Қаңтар оқиғасынан кейін «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген күдікпен қамауға алынған. Жергілікті БАҚ оны бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішін құлатуға қатысты деп сипаттайды. Қаңтардың соңында әлеуметтік желіде Азамат Батырбаевтың қолы мен денесі көгерген, күйген ізі көрінетін фотосуреті жарияланған. Оның туыстары Азаматты ұрып-соққанын, денесін үтікпен күйдіргенін мәлімдеген.

Наурыздың басында Бауыржан Азанов Азамат Батырбаевты азаптаған күдіктінің тұтқындалғанын хабарлаған. Оның сөзінше, азаптаған адам — Алматы облыстық полиция департаментінің қызметкері.

20 маусымда Азаттықпен сөйлескенде Батырбаевтың адвокаты «бірнеше рет шағым түсірсе де азаптау бойынша іс жылжымай тұрғанын» хабарлаған.

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысындағы тергеу кезінде ыстық үтікпен азапталғандар ісі бойынша 25 адам зардап шегуші ретінде танылды. Бұл жөнінде Орталық коммуникация қызметінде өткен брифинг кезінде бас прокуратураның өкілі Серік Шалабаев мәлімдеді.

«Шағым түсіргендердің барлығының азаптау тәсілдері туралы сипаттағандары ұқсас«, – деді бас прокуратура өкілі.

Оның ақпаратына қарағанда, арнаулы прокурорлар азаптау ісіне полицияның бес қызметкерінің қатысы бар екенін анықтаған. Олардың үшеуі кінәсін «мойындаған«.

Ведомство хабарына қарағанда, неғұрлым көп резонанс тудырған сегіз іс бойынша арнаулы орган мен құқық қорғау органының 15 қызметкері күдікті ретінде танылған. Олардың тоғызы қамауға алынған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысындағы департаментінің екі қызметкерін тергеу аяқталған. Оларға «қамаудағыларды ұрып-соғып, кісі өліміне дейін жеткізді» деген айып тағылған.

Бас прокуратура мәліметіне қарағанда, Қаңтар оқиғасынан кейін қозғалған барлық қылмыстық іс бойынша бүгінде 514 адам қамауда отыр. Қазірге дейін 392 қылмыстық іс сотқа жіберіліпі, 433 адам түрлі жазаға тартылған. «Жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деп айыпталған 34 адам шартты жазамен босатылған, «қару-жарақ ұрлады» деген айыппен 46 адам түрмеге кеткен. Бас прокуратура оларды «шығынды қалпына келтірмегендер және бұрын сотталып, жазасын толық өтемегендер» деп санайды.

Қаңтар оқиғасы бойынша қылмыстық істердің көпшілігі Алматы соттарында қаралып жатыр. Алматы соты баспасөз қызметінің 17 маусымдағы мәліметіне қарағанда, 398 күдікті бойынша 248 сот өткен. 36 адам бас бостандығынан айырылған. Көпшілігінің бостандығы шектелген, кейбір іс тараптардың бітімге келуіне байланысты қысқарған.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар