10 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

1000 музыкант бір сахнада өнер көрсетті

  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘР ӨҢІРІНЕН КЕЛГЕН 1000 МУЗЫКАНТ БІР...

Ауру, әрі ашулы – Ресей Сыртқы істер министрлігі Путин туралы

 

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров француздық TF1 телеарнасына берген сұхбатында президент Владимир Путиннің денсаулығының нашарлауы туралы қауесетті жалған ақпарат деп атады.

Оның айтуынша, Ресей басшысы күн сайын жұртшылық алдына шығады. Оны экраннан тамашалауға болады, деп хабарлады Lenta.ru.

Лавров TF1 журналисінің Еуропада мемлекет басшысының «ауырып қалғаны, оның бастапқы жоспарының орындалмай қалғанына ашулы» деген ақпарат тарағандығы туралы сұрағына берді.

«Менің ойымша, есі дұрыс адамдар одан ешқандай ауру белгісін көрмейді. Мен барлығын мұндай қауесетті таратқандардың ар-ожданына қалдырамын. Адамдар күнделікті кімнің қандай екенін көре алады» деді Сергей Лавров.

Мамыр айының басында Лавров Батыстағы Путиннің денсаулығына күмәнданатындарға президенттің шетелдік қонақтарымен, атап айтқанда мемлекет басшысы кездескен әлемдік көшбасшылармен, соның ішінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен байланысуға кеңес берді.

Наурызда Беларусь президенті Александр Лукашенко ресейлік әріптесінің жағдайы бұрынғыдан да жақсы екенін айтты. Оның сөзінше, Путиннің денсаулығына қатысты деген болжамды мәліметтердің барлығы Батыс елдері мемлекет басшысының сеніміне нұқсан келтіру үшін таратқан қауесет.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин пандемияның бүкіл кезеңінде ешқашан коронавирусты жұқтырмағанын және уақтылы қайта вакцинацияланып жатқанын айтты.

Еске салсақ, 24 ақпанда Путин Украинада арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдаған болатын. Украина президенті Владимир Зеленский елде әскери жағдай енгізіліп жатқанын айтты. Кейін ол Украинаның Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасын үзгенін хабарлады.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар