10 C
Almaty
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

«Аукцион өткізіледі». Астана мен Атырауда полиция көліктері сатылып жатыр

Әлеуметтік желіде 2005-2015 жылдары шығарылған полиция көліктерін сату туралы 10-нан аса хабарландыру пайда болды. Олардың ішінде жол талғамайтын көлік пен бизнес-классы да бар.

Сатылымдағы көліктер Астананың Сарыарқа ауданында орналасқандығы көрсетілген. Ол мекен-жайда көліктер шынымен тұр екен. Бірақ онда барған тілшілер жауап беретін адам таппаған.

Атырау облысында да осындай хабарландыру жетерлік. Жарнаманы әкімдік ұсынып отыр. «Бұл – құзырлы мекеменің жекешелендіру тапсырысы» дейді ондағылар. Ал қалалық полиция департаменті көліктердің не себепті сатылымға шыққаны туралы ештеңе айтпаған.

«Атырау облысы полиция департаменті теңгеріміндегі 64 бірлік құралын сауда-саттыққа шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сауда-саттық аукционда бағаны көтеру және бағаны төмендету әдістерімен өткізіледі. Бірінші сауданы өткізу қараша айына жоспарланған», – деді Атырау облыстық қаржы басқармасының бас маманы Айнұр Шомирова.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар