Posted inҚоғам

Атырауда бір түнде 172 бала жоғалып кетті

Атырауда 28 сәуір күні 16 мың адам жиналған эстрада жұлдыздарының гала концертінде 172 бала жоғалып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz

Сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полицейлерге бала жоғалды деген дерекпен 170-тен астам шағым келіп түскен.

Оның 125 жасөспірім, 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47 бала жас шамасы 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндер.

Барлық бала табылып, аман-есен ата-аналарына табысталды.

Пікір үстеу