12 C
Almaty
Сенбі, Қыркүйек 30, 2023

«Алтын Ордадан» шу шықты. 1,5 млрд теңге жинап берген

қарай тәуекелге басымызды тігіп, салымшы болдық қой....

«Оператор РОП» ісі. Әлия Назарбаева неге жауап бермейді?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев "Оператор РОП"...

«KEGOK» компаниясы төрағасының айлығы 1,9 млн теңге

«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз...

«Атамекенге» Құлыбаевтың орнына Баталов келді

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшелері 18 ақпанда өтетін палата съезі қарсаңында төраға міндетін Райымбек Баталовқа жүктеген. Бұл жөнінде аталған ұйым ресми сайтында хабарлады.

Палатаның кезектен тыс съезі 18 ақпанда өтеді. Онда «ұлттық палатаны басқару, палата жұмысын реформалау, кәсіпкерлікті дамыту» және тағы басқа мәселелер қаралады.

Қаңтар ортасында елде экс-президенттің ықпалы азайғаны туралы болжамдар тарап, оның айналасындағы адамдардың қызметтен кеткені жөнінде ақпарат жиілеген шақта Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы қызметінен кеткен. Оның қайда екені белгісіз. 55 жастағы Тимур Құлыбаевтың одан бөлек өзге де қызметтері бар. Ол – KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының жетекшісі, Қазақстан ұлттық олимпиада комитетін, Қазақстан бокс федерациясын басқарады.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар Қазақстанның ең бай адамдары қатарында. Forbes журналы әрқайсысының байлығын 2,9 миллиард долларға бағалаған.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар