Posted inЖаңалықтар / Саяcат

Асы жайлауы мемлекетке қайтарылды

Депутат Бақытжан Базарбектің айтуынша, «Жер аманаты» республикалық жер комиссиясының мүшелері Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Масақ ауылының тұрғындарымен кездескен. Отырыста 2,4 мың гектар аумақ Бұғыты қыстауының мемлекет меншігіне қайтарылғанын халыққа жария етті.

Олар ел арасында Асы үстірті атанған Іле-Алатау саябағының баурайындағы 3500 гектар ауылшаруашылық жерінің мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады. Атап айтқанда, бұрын 03-044-184-002 кадастрлық нөмірі бар «Іле-Алатау тур» ЖШС-не тиесілі көлемі 3,5 мың гектар жер телімі мемлекетке берілді. Аталған жер учаскесі Еңбекшіқазақ облысы әкімінің 1 маусымдағы No907 қаулысымен мемлекет меншігіне қабылданды», –деп жазды депутат.

Пікір үстеу