Posted inЖаңалықтар

Астананың қақ ортасына адамдар отырған әуешары құлады (видео)

Оқиға қаланың қақ ортасындағы Нұржол желекжолында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көкте қалықтаған шарда бірнеше адам болған. Оқыс жағдайдан ешкім зардап шекпеді. Қатты желдің әсерінен шар жерге қатты құлап барып, қонғаны байқалады. Маңайдағы адамдар дереу көмекке ұмтылған.

12 қызметіне бұл жайтқа қатысты ешқандай қоңырау түспеген. Бұған дейін қалалық төтенше жағдайлар департаменті 6 шілдеде дауыл тұруы мүмкін екенін ескерткен еді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Social media & sharing icons powered by UltimatelySocial