6 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 20, 2023

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты. Ұзату тойы...

Астана мен Алматы бюджет қаражатын игере алмай отыр – Жамаубаев

 

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев биыл қаңтар-ақпандағы мемлекет қаржысының атқарылуы туралы есеп берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Вице-пермьердің айтуынша, мемлекеттік бюджетке 3,4 трлн теңге, ал республикалық бюджетке 2,5 трлн теңге кіріс түскен.

«Кірістер бойынша жоспар 12 млрд теңгеге, оның ішінде салықтық емес кірістер – 20 млрд теңгеге асыра орындалды. Салықтар бойынша жоспар 8 млрд теңгеге орындалмады», – деді министр Үкімет отырысында.

Жамаубаевтың айтуынша, республикалық бюджет бойынша 3,4 трлн теңге сомасына шығыс жүргізілді.

 

Атқарылмау 123 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 22 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 101 млрд теңге. Ең көп игермеген – Ішкi iстер, Қаржы, Ғылым және жоғары білім, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде, – деді Ерұлан Жамаубаев.

 

Игерілмеудің негізгі себептері: төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген; конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді ұзақ жасасуы; бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау; шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы өткізілмеуі; есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы.

Сондай-ақ жергілікті бюджеттердің шығысы – 1,3 трлн теңге.

«Атқарылмағаны – 45 млрд теңге. Биыл өңірлерге 1,2 трлн теңге нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 наурызға дейін 56 млрд теңге бөлінген. Оның 80,1%-і игерілген. 11 млрд теңге игерілмеген.

Ең көп игермеген: Астана және Алматы қалаларында, Павлодар және Абай облыстары.

Игерілмеудің негізгі себептері: қадағалау органдарының нұсқамалары, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау», – деді ведомство басшысы.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар