13 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 27, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Асқар Мәминнің құрықталғаны анық па?

Әлеуметтік желіде Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Маминнің қамауға алынғаны хабарланды.

Бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин үйқамаққа алынды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жазды.

Ол «Қазақстан темір жолы» компаниясының қызметкерлері Асқар Маминнің оралуы мүмкін екенін айтқан. Бірақ журналист бұған асығыстық танытудың қажеті жоқ деп отыр.

Өйткені бірнеше дереккөздерге сүйенсек, ол қазір үйқамақта. Себебі, Кәрім Мәсімовпен бірге мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысы болуы мүмкін. Айтпақшы, Мәсімовпен екеуі сыныптас,

— деп жазды Козачков.

Асқар Мамин 2019 жылдың ақпан айынан 2022 жылдың 5 қаңтарына дейін Қазақстан Үкіметін басқарды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оған кетерінде алғыс айтқан.

Ал ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 6 қаңтарда ұсталып, 2 айға қамауға алынған.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар