10 C
Almaty
Сейсенбі, Қыркүйек 26, 2023

Шекарашылар туралы сериал түсірілді

Қараша айында шекарашы курсанттар жайлы түсірілген «Академия»...

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2...

Халықтың 10 пайызы келмейді. Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр?

Белсенді және тәуелсіз шолушы Арайлым Назарова Алматы...

Әскерден ақша үнемдеудің астарында не бар?

Өткен аптада Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскери саладағы жаңалықтармен бөлісті. Соның ішінде қазіргі өзекті мәселеге айналып үлгерген несие мәселесі де сөз болды. Яғни банкке борышкер боп үлгерген 18-ден асқан әскери борышын өтейтін азаматтардың несиесі уақытша тоқтатылады. Бүгінде 2600-ден астам азаматтың несиесі кейінге қалдырылды.

Сонымен қатар, «Срочники 2.0» платформасы жұмысын бастады. Цифрлық платформа еліміздің жоғары оқу орындарында оқуға тіркелуге, іріктеуге мүмкіндік береді.

Министрдің орынбасары атап өткендей, мерзімді әскери міндетін өтеген азаматтарға мынадай жеңілдіктер ұсынылады:

— қызмет аяқталғаннан кейін 2 жыл ішінде ақылы негізде ҰБТ-ны есептемегенде жоғары оқу орнына (ЖОО) түсу;

— ҰБТ есебінсіз ЖОО есебінен өтеусіз негізде жауынгерлік даярлық және әскери тәртіп бойынша жоғары нәтиже көрсеткен тұлғалардың ЖОО-ға түсуі;

— ЖОО әскери кафедрасына түсу емтихандарынсыз, өтеусіз негізде түсу (яғни азамат ЖОО-да ақылы немесе тегін білім алады);

— Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына емтихан тапсырмай түсу. Олар Қарушы Күштердің әскери бөлімдерінде бұрын жүргізілген қабылдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Жалпы білім алу үшін 1500 орын бөлінген. Оның ішінде Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында – 850 орын. Жалпы конкурстық іріктеуге 12548 сарбаздың қатысуға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ коммуникация қызметінде жария болған тағы бір жаңалық, 17 жастағы балаларды автоматты түрде есепке алудың арқасында ел қаржысының 1 миллиард теңгесі үнемделетіні айтылды.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар