-4.1 C
Almaty
Сейсенбі, Ақпан 7, 2023

Түркия. Жер сілкініп, 500-дей адам қайтыс болды

ТҮРКИЯДА АЛАПАТ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛЫП, 300-ДЕЙ АДАМ...

Израильде 60 мыңға жуық адам билік реформасына қарсы бас көтерді

  Кеше Израильде президент Биньямин Нетаньяхудың реформаларына наразы...

Аштық жариялаймыз: Қаңтар оқиғасында ұсталғандардың туыстары прокуратураға жиналды

31 наурызда Шымкентте қаңтар оқиғасына байланысты қамалғандардың туыстары мен жақтастары күдікті ретінде ұсталғандарды босатуды талап етіп, қалалық прокуратура алдына жиналды. Олар аштық жариялайтынын да мәлімдеді.

Қала прокуроры Ғабит Мұқанов оларды қабылдауына шақырды. Наразылар ішке журналистерсіз кірмейтінін мәлімдеді. Прокурорлар ішкі тәртіпке сай арнайы хат жолданып, рұқсат алынбаса журналистер жиындарға қатыстырылмайтынын хабарлады.

– Журналист кірмесе, видео түсірмесе ішке кіріп, шыққанымыз көк тиын ғой, – деді наразылардың бірі. Олардың пікірінше, ақпарат құралдары ішке кірсе, билік берген уәделеріне жауаптырақ қарай бастайды.

Наразылардың бір бөлігі қала прокурорын тыңдауға, жауабына көңілі толмаса шығып аштық жариялайтынын айтты.

Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандардың бірінің туысы аштық жариялайтынын мәлімдеп, плакатқа жазу жазып жатыр. Шымкент, 31 наурыз 2022 жыл.

 

Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандардың бірінің туысы аштық жариялайтынын мәлімдеп, плакатқа жазу жазып жатыр. Шымкент, 31 наурыз 2022 жыл.

Жарты сағаттан кейін наразылар журналистің қатысуынсыз ішке кіруге келісті.

Түс кезінде прокуратурадан наразылардың басы шыға бастады. Олар өздерін прокурордың орынбасары қабылдағанын, жауаптарына қанағаттанбағанын жеткізді.

Қала прокуратурасының алдына жиналғандардың арасында азаматтық белсенді Ерғали Құлбаевты қолдап келгендер де болды. Олар белсендіні босатуды талап етті. Айтуларынша, белсендінің митингіге қатысқаны болмаса, бүлікке қатысы жоқ.

– Кеше (30 наурызда) Ерғалимен кездестім. Оған қамау мерзімін ұзарту туралы сот қаулысын бермеген. Қаулы қолыма тисе қайта аштық жариялауды бастаймын деді, – дейді Құлбаевтың әйелі Назерке Нәлібай.

Ерғали Құлбаев – Шымкентте қаңтар оқиғасына байланысты ұсталып, қамалған жеті белсендінің бірі. Белсенділердің екеуі Нұрлыбай Татаев пен Карима Хайдарбекова ешқайда кетпеу туралы қолхатпен қамаудан шығарылған. Олардың ісін прокуратура саралап, «Жаппай тәртіпсіздік» бабымен босатқан. Қалғаны Шымкенттегі Сәуле ықшам ауданында орналасқан ИЧ-169/11 тергеу мекемесінде қамауда жатыр.

14 наурыз күні прокуратура «Ғимараттарды, құрылыс нысандарына шабуыл жасау» (269-бап) бабымен қамауда жатқан белсенді Жанмұрат Аштаевтың ісін қайта саралап, жаңа қаулы шығарған. Оған қосымша «Жаппай тәртіпсіздік» бабымен іс қозғалғаны хабарланды.

Шымкентте Қаңтар көтерілісіне байланысты 86 адамға қалмыстық іс қозғалып, екі айға қамау туралы сот санкциясы шыққан. Қазір олардың басым бөлігі бұлтартпау амалымен қамаудан босатылған. Бұған дейін құқық қорғаушылар қамалғандар арасында азаматтық белсенділер де барын айтып, билікті азаматтарды азаматтық белсенділігі үшін қудаламауға үндеген.

11 наурыз күні Шымкент соты Қаңтар оқиғасына байланысты төрт адамды «Ұрлық» бабымен соттады. Олардың бас бостандығы үш жылға шектелді.

Шымкентте ресми дерек бойынша қаңтар оқиғасы кезінде 19 адам қайтыс болды, жүзден аса адам жараланды.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар