-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Арыстанбек Мұхамедиұлы өз-өзіне қол жұмсады

 

Бүгін бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлыға қатысты тексеру өткенен кейін, ол өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат шықты.

Бұл туралы «Серый Кардинал» telegram-апрнасы хабарлады.

«Арыстанбек Мұхамедиұлы қолындағы тамырларды кесіп, өз-өзіне қол жұмсаған. Операциялық қорытынды: Сағат 11.56-да аудандық полиция бөліміне Бұлбұл 3-3 мекенжайында Арыстанбек Мұхамедиұлының қолындағы тамырларды кесіп, өз-өзіне қол жұмсағандығы туралы хабарлама келіп түскен» делінген хабарламада.

Orda.kz дереккөзінің хабарлауыншав, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты істі тергеп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ дереккөз мәдениет министрлігінің экс-басшысының тінту кезінде елордада өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын атап өтті.

P.S. Бұрынғы мәдениет министрі Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай іздеу кезінде Мұхамедиұлы өз-өзіне қол жұмсамақ болды деген ақпаратты жоққа шығарады.

Есе салсақ, бұрынғы мәдениет және спорт министрі, қазіргі Ұлттық мұражай директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекет басшысынан өзіне қатысты жалған айыппен түрлі тексерулер жүріп жатқанын айтып, араша сұрады.

– Продюссер Тұңғышбай Жаманқұлов   айыбын бетіне басқаным үшін, мені ата жауындай көріп, күні бүгінге дейін жөн-жосықсыз арызданып келеді.  Әрине, «қаһармандар» азуын көрсетуден қайтар емес. Кез-келген ілкімді сәтті пайдаланып, Өзіңіздің атыңызға, басқа да құрылымдарға еш негізі жоқ шатпақ шағымдарын шаршамай жазып келеді.  Оның ту сыртында кезінде Дариға Назарбаеваның, Бағлан Майлыбаевтың, Ермек Аманшаевтың тұрғанын және де  солардың айдағы екені де белгілі. Әлбетте, қисапсыз тексеру, тергеу амалдары да жүрді. Бірақ, менің ар-ұжданым таза! Жеке басымды қаралаған бірде-бір факт дәлелденбеді.

Кейінгі кезде, енді арыз иелері музейде кеткен бұрыңғы кінәраттарды да маған жапсыра салғысы келеді.  Осыған орай, негізсіз тексерулерге тосқауыл болуыңызды сұраймын! – деп жазды ол сөз соңында.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар