-17.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі: Агенттік «7 млрд теңге шығын туралы» айтты


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өзге де тұлғаларға қозғалған іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатқанын хабарлады. Олар ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды және қызмет өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Ведомствоның хабарлауынша, тергеу амалдары «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізу, «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу», «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген қаражаттың ұрлау фактілері бойынша жүріп жатыр.

«Бұдан бөлек, Арыстанбек Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі болып тұрған кезде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Қазақ энциклопедиясы»АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» компаниясын заңсыз беруге қатысы тексеріліп жатыр» деп жазылған ведомство хабарламасында.

Агенттіктің хабарлауынша, «тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген шығынның көлемі алдын ала мәлімет бойынша шамамен 7 млрд теңгені құрайды». Арыстанбек Мұхамедиұлының қамау мерзімі 4 айға дейін, яғни 26 қыркүйекке дейін ұзартылған.

Арыстанбек Мұхамедиұлының қамалғаны мамырдың соңында белгілі болған. Ол сол кезде президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, істің астары барын айтқан. Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұлттық музейдің лауазымды тұлғалары 146 млн теңге қаражатты ұрлады деген күдікке ілініп отырғанын хабарлаған. Шілде ортасында агенттік Мұхамедиұлы ісінде 1,2 млрд теңге қаражаттың «жымқырылғаны туралы» тағы бір эпизод пайда болғанын хабарлаған.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014-2019 жылдары мәдениет министрі болды. Кейінгі үш жылда Ұлттық музейге жетекшілік еткен.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар