5 C
Almaty
Сейсенбі, Қыркүйек 26, 2023

Шекарашылар туралы сериал түсірілді

Қараша айында шекарашы курсанттар жайлы түсірілген «Академия»...

2 млрд теңге. СҚО шенділері субсидия төлемеген

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында  сомасы 2...

Халықтың 10 пайызы келмейді. Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр?

Белсенді және тәуелсіз шолушы Арайлым Назарова Алматы...

Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Бұрынғы министр сегіз жылға сотталды, сондай-ақ оның лауазымды қызметте болуына өмір бойғы тыйым салынды.

Астана қаласының № 2 Байқоңыр аудандық сотының судьясы Бағлан Ыдырысов бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және басқа да қылмысқа қатысы бар деп танылған тұлғаларға қатысты үкім шығарды.

«Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді судья Бағлан Ыдырысов.

Сондай-ақ, сот Мұхамедиұлын мемлекеттік наградалардан айыру туралы қаулы шығарды.

Сот шешімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Бұған дейін прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Естеріңізде болса, 2022 жылдың 28 мамырында сот шешімімен Ұлттық музей директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды.

Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілді.

Тергеу мәліметінше, біраз жыл мәдениет және спорт министрлігін басқарған Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарының мемлекетке келтірген шығыны шамамен 221 миллион теңгеден асады.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар