14 C
Almaty
Жексенбі, Наурыз 26, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Арқар көпірі екі күнде аяқталды

Өткен аптада елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен «Арқар» М-1 көпірінің және Момышұлы мен Қошқарбаев көшелерінің қиылысы толық жабылғанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы alash.kz cайты Астана әкімдігіне  сілтеме жасап хабарлайды.

«Арқар» М-1 көпірі мен жол қиылысы орташа жөндеу жүргізу үшін 2 қыркүйек 20:00-ден 5 қыркүйек 06:00-ге дейін жабылды.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», – делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Хабарламада айтылғандай, жұмыс жоспар бойынша жүргізілді. Сөйтіп, «Арқар» көпіріне жасалған жөндеу жұмыстары екі күнде толық аяқталды. Мұндай қарқын басқа аймақтарда болмағанын ашық айтайық. Тіпті, Алматының Алтын Орда базарының алдындағы көпір жұмыстары қанша жылдардан бері жасалып жатыр.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар