6 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 20, 2023

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты. Ұзату тойы...

Арқанкерген ісі: Челах 10 жыл айтпаған құпияны айтты

Шекара бекетінде 15 адамды өлтірді деп өмір бойына бас бостандығынынан айырылып, қазір жазасын өтеп жатқан Владислав Челахтың ісі қайта қаралып жатқан көрінеді. Бұл жолы Бас прокуратура қызметкері одан жауап алған.

Бұл туралы ақпарат «Elmedia» Telegram-арнасында жарияланды. Ондағы дерекке сүйенсек, бұл хабарды Челахтың анасы Светлана Ващенко сенбі күні жеткізген. Ол әр жұма сайын ұлымен телефон арқылы сөйлесіп отыратынын айтыпты. Бірақ осы жолы бір күнге кешігіп сөйлескен. Себебін анасы осы жағдаймен байланыстырып отыр.

Влад әр жұма сайын хабарласады. Кеше қоңырау шалмады. Уайымдадық. Бірақ бүгін сөйлесіп, қатты қуанып отырмыз. Ол Бас прокуратурадан жас қызметкер келіп, 2 күн жауап алғанын айтты. Бүге-шүгесіне дейін білгенін толық жайып салғанын да жеткізді,

— дейді Светлана Ващенко.

Сонымен қатар, ол 10 жыл бұрын шекара бекетінде нақты не болғанын, яғни шындықты ешкімге айтпаған еді. Осы жолы бәрін тізбектеп беріпті. Тіпті танитын адамдардың тегін айтып, ал атын білмейтіндердің түр-келбетін сипаттап берген дейді Владиславтың анасы.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар