5 C
Almaty
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

«Арнайы сот сараптамасы тағайындалды»: Бас прокуратура Мухарияповқа қатысты мәлімдеме жасады

Әсет Шындалиев кәсіпкердің сөзіне байланысты шенеунік емес, жеке азамат ретінде өз пікірін білдіруден бас тартты.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қоғамдық резонанс туғызған кәсіпкер Рәміл Мухарияповтың сөзі бойынша пікір білдірді.

«Менің хабарым бойынша, Алматының ішкі істер департаменті осы іс бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру аясында арнайы сот сараптамасы тағайындалды. Сол сараптаманың қорытындысы бойынша шешім қабылданады», – деді Әсет Шындалиев.

Әсет Шындалиев кәсіпкердің сөзіне байланысты шенеунік емес, жеке азамат ретінде өз пікірін білдіруден бас тартты.

Еске сала кетсек өткен аптада жиындардың бірінде Мухоряпов орысша сұраққа қазақша жауап бергендер азаматтардың бойында «ұлтшылдықтың сәл көрінісі барын, бұл жағдай үлкен мәдениеттің белгісі емес екенін» айтқан.

«Егер мұндай болса (орысша сұрағандарға қазақша жауап беріп жататын болса) қатты қапаланар едім. Меніңше, бұл сәл біртүрлі. Ұлтшылдықтың сәл көрінісі. Бұл үлкен мәдениеттің белгісі емес. Біздің меймандығымыз бәрін көтеріп кетуі керек», – деді ол.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар