14 C
Almaty
Бейсенбі, Маусым 1, 2023

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Назарбаевқа тіл тигізсеңіз, жазаланбайсыз!

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан...

Зайытов Склярға шүйлігіп отыр

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов премьер-министрдің бірінші орынбасары...

Ақын Арман Қани дүниеден озды

Бейсенбіден жұмаға қараған түні ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Қани дүниеден озды. Қайғылы қаза туралы ҚР Жазушылар одағы Павлодар облысы филиалының директоры Жарқынбек Амантай жазды.

Бүгін бейсенбіден жұмаға қараған түні күрескер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Арман Қани ағамыз дүниеден өтті деген суыт хабар келіп жетті.

Ұзаққа созылған ауыр науқас қайсар рухты ағамызды ақыры жеңген екен…

Алланың сызған тағдырына амал жоқ!

Алты Алашқа, қазақ еліне қайғырып көңіл айтамыз! – деп жазды Жарқынбек Амантай.

Қазақтың көрнекті қаламгері Арман Қани 1954 жылы 22 ақпанда Павлодар қаласында туған. Ақынның «Ар алдында» (Павлодар, «ЭКО» – 2001 ж.), «Қызыл түнектегі ақ бұрқақ», «Тамшылар» (Павлодар, «ЭКО» – 2004 ж.) «Шындықпен бетпе-бет» (Алматы, «Қазақпарат» – 2006 ж.), «Жұлдызды тұман» (Павлодар, «Кереку» – 2008), «Сен және мен» (Астана, «Фолиант» – 2012), «Үйлесім» (Павлодар, «Brand print» – 2014) жыр жинақтары жарық көрген.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар