18 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

АҚШ-тың бірінші ханымы Джил Байден Украинаға келді

АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден Украинаға жоспардан тыс сапармен барды.

Ол 8 мамыр күні Ужгород қаласына барып, Украинаның бірінші ханымы Елена Зеленскаямен кездесті.

Euronews арнасының хабарлауынша, АҚШ президенті Джо Байденнің әйелі күтпеген жерден Украинаға келіп, елдің батысындағы Ужгород қаласына барған. Бұған дейін ол Румыния мен Словакияда болған.

Ужгородта Джилл Байденді Украина президентінің әйелі Елена Зеленская жеке қарсы алды. Онымен сұхбатында Джо Байденнің әйелі аналар күнінде Украинаға келгісі келетінін мойындады.

Ол сондай-ақ «украин халқына бұл соғысты тоқтату керектігін, оның қорқынышты екенін және АҚШ халқы Украина халқымен бірге екенін көрсетуді маңызды деп санайтынын» атап өтті.

Байден Украинада екі сағаттай ғана болды, содан кейін  Словакияға оралды. Дәл сол күні Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо да Украинаға жоспардан тыс сапармен барды, ол Киев облысындағы Ирпен қаласына келді.

Оны  қарсы алған қала әкімі қаланың инфрақұрылымын қалпына келтіруде Канаданың көмегіне үміт артып отырғанын атап өтті.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар