21 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Құны 516 млн теңгеден астам нысандар «Назарбаев Университетінің» меншігіне өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар...

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов...

Жер туралы жаңа мәлімет

Қайырлы күн қымбатты Достар! ✅ Қазақстан Республикасы Жер...

Антикоррупция қызметі «Самұрық қазына», «Самұрық-ЭНЕРГО» және ҚТЖ басшыларын тексеріп жатыр


Қазақстанның антикоррупция қызметі «Самұрық қазына», «Самұрық-ЭНЕРГО» және «Қазақстан темір жолына» (ҚТЖ) басшыларына қатысты тексеріс бастағанын мәлімдеді.

Елдегі ең ықпалды үш компанияның басшылары «жеке компанияларының пайдасы үшін қызметін асыра пайдаланды» деген күдікке ілінген.

Антикоррупция қызметі мемлекетке 3,8 млрд теңге шығын келді деп мәлімдеді. Ведомство «тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат берілмейтінін» жеткізді.

Елді дүрліктіріп, жүздеген адамның қазасына алып келген қаңтар оқиғаларынан соң Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев активі елдің ішкі жалпы өнімінің 60 пайызына пара-пар «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мен өзге ұлттық компаниялардың жұмысы мен басшыларын сынаған.

Тоқаев «Самұрық-Қазына» қоры негізгі міндетін орындап отыр ма? Яғни «ұлттық байлықты еселей алды ма?» деген орынды сұрақ туындайды. Қомақты жалақы алатын қызметкерлері, директорлар кеңесі немен айналысады? Қызметі өте қымбат консалтинг компанияларын және шетелдік мамандарды жұмысқа тартқаннан пайда бар ма?» деген еді.

Осыдан соң «Самұрық қазына» штаты екі есе қысқарған.



Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар